Атырау №3 қалалық емхана Атырау қаласында Баймуханова көшесі 39 үйде орналасқан, 2001 жылдың 21 тамызында ашылды.

 

№3   емханаға тіркелген халық саны - 42567; халыққа медициналық көмекті 22 жалпы практикалық дәрігерлер, 2 педиатр, 2 терапевт ,4 гинекологиялық бөлімдер және күндізгі аурухана арқылы көрсетіледі. Күндізгі аурухана 55 керуетпен,  3 ауысымда жұмыс жасайды.

 

Сонымен қатар мамандандырылған көмектің түрлері жоғары білікті мамандармен көрсетіледі: невропатолог,  оташы,  гастроэнтеролог, эндокринолог, эндоскопист,  онколог, стоматолог, рентгенолог дәрігерлер, ультрадыбыстық дәрігерлер, логопед, фтизиатр, фтизио-педиатр, психологтар.

 

№3 Атырау қалалық емханаға қарасты көшелер мен ықшам аудандар: Привокзальный 3,3а,5 ы.а.; 1-ші участок ы.а.; СМП 163 ы.а.; Огородная к-сі;  Контейнер к-сі; Береке ы.а.; Мұнайшы ы.а.; Ардагер ы.а.; Ақжар селосы; Ақсай селосы.

 

Атырау №3 қалалық емханаға 3 колледж - Агротехникалық, Политехникалық, Бизнес және құқық колледжі, 7 мектеп - №18, №22, №23, №24, №25, №26, №27 және 7 балабақша - №7, №13, №26, №31, №54, №55, №59 қарасты.

 

Материалдық-техникалық база

 

Емхана 4 қабатты, стандартты емес ғимаратта орналасқан. Ол орталықтандырылған жылыту, ыстық және суық сумен, канализациямен, энергиямен қамтамасыз етілген.

 

Емхана екі ауысыммен жұмыс істейді, емхананың жоспарланған қуаттылығы – бір ауысымда 270 адам , емхананың нақты қуаттылығы –   бір ауысымда 362 адам.

 

 

          Емхананың өткізу қабілеті – бір ауысымда 1100 адам.



          Емхана 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.


 
          Медициналық көмекпен қамту радиусы 3-15 км.