2018 жылдың 15 қыркүйек 15 қараша аралығында Қазақстан Республикасының «Тұрғындарды тіркеу үшін кампаниясының» басталуына байланысты  Атырау №3 қалалық емханасы қала тұрғындарын өз қалаулары бойынша тіркелуге шақырады, 2019 жылдың 1 қантарынан бастап біздің емхана Сізге тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің шеңберінде қызмет көрсетіледі.

 

№3   емханаға тіркелген халық саны -  40736, халыққа медициналық көмек   17 жалпы практикалық  дәрігерлер, 2 педиатр, 2 терапевт, 4 гинекологиялық бөлімдер және күндізгі аурухана арқылы көрсетіледі. Күндізгі аурухана55 керуетпен, 3 ауысымда жұмыс жасайды.

 

Сонымен қатар  мамандандырылған көмектің түрлері жоғары білікті мамандармен көрсетіледі: кардиолог, невропатолог, окулист, хирург, проктолог, онколог, логопед, инфекционист, эпидемиолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, стоматолог, дәрігер рентгенолог, дәрігер  УЗИ, функционалист, дәрігер-лаборант,  эндоскопист, реабилитолог, геронтолог, фтизиатр, фтизиопедиатр, психологтар.

 

Емханада реабилитациялық оңалту бөлімшесі ашылды. Реабилитациялық оңалту бөлімшесі УВЧ, УЗТ, УФО, ДДТ жабдықтармен қамтылған және де биоптрон, электрофорез, парафинотерапия, магнитотерапия, лазеротерапия, инголяция  массаж жасалынады.    

 

Біздің емхананың жеке клиникалық зертханасы бар, заманауи клиникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілген, соның ішінде  ИФА, ПЦР жабдықтары. Автоматты түрде талдауларды  анықтайтын  биохимиялық және гематологиялық анализаторлар бар (яғни адам факторының талдау нәтижесіне әсер етпейді).

 

Емханада ішкі құрсақ органдар  мен кіші жанбас органдарының ультрадыбыстық зерттеулері, ЭХО кардиография, СМАД, Холтер, УЗДГ өткізіледі(бас,  брахицефалды тамырлар).

 

Дәрігерге дейін қабылдау бөлмесі, ерлер мен әйелдерді тексеру бөлмесі, отбасылық жоспарлау бөлмесі,  балаларды дамыту кабинеті, «босануға дайындау мектебі», «жас аналар мектебі», «артериялық гипертензиямен жүрек қан тамырлар аурулары, қант диабет, бронхиалды астма мектептері», «қариялар мектебі», «СӨС мектебі» жұмыс жасайды.

 

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшуіне байланысты, біздің  емханаға тіркелуге асығыңыз, себебі бүгінгі күні біздің емханада барлық қажетті материалды-техникалық базасы (жабдықтар, мамандар) бар және біз бүгінгі күні үнемі  медициналық қызметтың сапасын жақсарту үшін жұмыс жасаймыз, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шартында бәсекеге қабілетті болу үшін.

 

Біз Сізді №3 Атырау қалалық емханасында күтеміз. Қосымша ақпаратты  36-61-25, 36-65-03 телефондар арқылы біле аласыз.