Жаңалықтар

2019 жылдың 1 сәуірінде Қазақстанда қызылшыға қарсы қосымша иммундау жұмыстары басталды. Вакцинация үшін қызылша, қызамық және паротитке қарсы екпе қолданылады. Вакцина Үндістанның  компаниясымен шығарылған және әлемнің 70-тен астам елінде, соның ішінде Қазақстанда қолданылады.

Атырау №3 қалалық емханасында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жөніндегі түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

Бүгін, 2018 жылдың  27 желтоқсанында   Атырау №3 қалалық емханада «Үміт» Жастар денсаулық орталығының салтанатты ашылуы болды, ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы жариялаған: «2019 жыл - Жастар жылына» сәйкес келіп тұр.

2018 жылдың 17 қазанында Атырау №3 қалалық  емханасына ҚР Премьер Министрінің орынбасары Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары іссапармен келіп, денсаулық сақтау жүйесінің цифрландыру процестерімен және «КазМедИнформ» медициналық ақпараттық жүйесінің жұмысымен танысты.

Атырау №3 қалалық емхана ұжымы директор  Утегенова Айман Бағытжанқызын Халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау магистрі академиялық дәреже алуымен құттықтайды.

2018 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Премьер- министрі Бакытжан Абдирұлы Сагинтаев және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Мейрашқызы Актаеваның жұмыс сапарының аясында Атырау қалалық №3 емханасына келіп, денсаулық сақтау жүйесінің цифрландыру процестерімен танысты.

2018 жылдың ақпан айында Атырау облысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі - Иван Иванович Клименко және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры - Лаура Мустафьевна  Ахметниязова  «ҚР ана және бала өлімінің төмендету мақсатында» Атырау облысында атқарылған жұмыстар бойынша іс-сапарымен Атырау қалалық №3 емханаға келуі.