2018 жылдың 17 қазанында Атырау №3 қалалық  емханасына ҚР Премьер Министрінің орынбасары Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары іссапармен келіп, денсаулық сақтау жүйесінің цифрландыру процестерімен және «КазМедИнформ» медициналық ақпараттық жүйесінің жұмысымен танысты.

 

Нақты көрсетілген жұмыстар: түсіндірме үстелі, яғни денсаулық сақтаудағы цифрландыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысының жүруі, «к врачу» мобильді қосымшасы және «egov.kz» порталы бойынша дәрігер қабылдауына онлайн жазылу, сондай-ақ «Мен анамын» мобильді қосымшасының жүкті әйелдерге жүйелі қызмет етуі жөнінде; тіркеу орны – кезексіз емхана және электронды құжат айналымын енгізу;

 

рентген бөлмесінде – облыстық тубдиспансермен және басқа да медициналық ұйымдармен медициналық-ақпараттық жүйемен біріктірілген жаңа цифрлық рентген аппараты жұмыс істеуді; невропатолог бөлмесінде электронды денсаулық паспортын және «КазМедИнформ» жүйесіндегі жұмыс жасауды көрсетті.

  

Атырау №3 қалалық емханасына тіркелген халық саны – 41206 адам, оның ішінде балалар – 12665, жасөспірімдер – 1642, ересектер – 26899.

  

Атырау №3 қалалық  емханасында «Электронды кезек» 2017 жылдың сәуір айынан бастап енгізілді, ал 2017 жылдың тамыз айынан бастап «КазМедИнформ» ақпараттық жүйесін енгізіп, қағазсыз құжатайналымға көшті.

  

Сондай-ақ 2017 жылдан бастап халық арасында дәрігер қабылдауына онлайн жазылу, «egov.kz» порталы арқылы емханаға тіркелу және «к врачу» мобильді қосымшасы арқылы қызмет бойынша медициналық-ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіле бастады.

 

Түсіндірме үстелінің іске қосылуынан бері денсаулық сақтауды цифрландыру бойынша түсіндірме ақпараттық жұмыспен қамтылған адам саны – 27362, оның ішінде «к врачу» мобильді қосымшасын – 1640 адам жүктеді және «Мен анамын» мобильді қосымшасын – 897 жүкті әйел пайдаланды.

 

2018 жылдың 9 айда  «к врачу» мобильді қосымшасы арқылы 5751 адам, ал egov.kz порталы арқылы 571 адам дәрігер қабылдауына жазылды.