Атырау №3 қалалық емхана Атырау қаласында Баймуханова көшесі 39 үйде орналасқан, 2001 жылдың 21 тамызында ашылды.

№3   емханаға тіркелген халық саны – 48644, с.і. балалар 15992, жасөспірімдер 1763, ересектер 30889, сол халыққа медициналық көмекті 31 жалпы практикалық дәрігерлер, 2 педиатр, 2 терапевт ,4 гинекологиялық бөлімдер және күндізгі аурухана арқылы көрсетіледі. Күндізгі аурухана 60 керуетпен,  3 ауысымда жұмыс жасайды.

Сонымен қатар мамандандырылған көмектің түрлері жоғары білікті мамандармен көрсетіледі: невропатолог, реабилитолог, хирург, травматолог, уролог, эндокринолог, оториноларинголог, офтальмолог, гастроэнтеролог, кардиолог, онколог, маммолог, стоматолог, рентгенолог, функционалист, врач УЗИ, инфекционист, фтизиатр, фтизио-педиатр, психологи, психиатр, нарколог.

№3 Атырау қалалық емханаға қарасты көшелер мен ықшам аудандар: Привокзальный 3,3а,5 ы.а.; 1-ші участок ы.а.; СМП 163 ы.а.; Огородная к-сі;  Контейнер к-сі; Береке ы.а.; Мұнайшы ы.а.; Ардагер ы.а.; Ақжар селосы; Ақсай селосы, Алмалы селосы.

Атырау №3 қалалық емханаға 8 мектеп - №18, №22, №23, №24, №25, №26, №27, Алмалы орта мектебі және 8 балабақша - №7, №13, №26, №31, №54, №55, №59, Алмалы селолық округінің «Бұлбұл» балабақшасы қарасты.

Материалдық-техникалық база 

Емхана 4 қабатты, стандартты емес ғимаратта орналасқан. Ол орталықтандырылған жылыту, ыстық және суық сумен, канализациямен, энергиямен қамтамасыз етілген.

Емхана екі ауысыммен жұмыс істейді, емхананың жоспарланған қуаттылығы – бір ауысымда 270 адам , емхананың нақты қуаттылығы –   бір ауысымда 435 адам.

Емхананың өткізу қабілеті – бір ауысымда 1100 адам.

Емхана 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Медициналық көмекпен қамту радиусы 3-15 км.

№2 қалалық ауруханасы

Бұл емхананың қалыптасу тарихы 1973 жылдан басталады. Ол Еткомбинатының медициналық санитарлық бөлімі ретінде салынған болатын, ары қарай  №2 қалалық аурухана  ретінде атауы өзгертілген болатын. бүгінгі таңда ҚА 130 тәуліктік орын, 42 стационар алмастырушы және 3 қарқынды терапия орындары жұмыс жасауда. Стационар әртүрлі бағыттағы науқастарға сапалы және кәсіби медициналық көмек көрсетуде: терапиялық (40 орын), неврологиялық (30 орын), гинекологиялық (40орын), педиатриялық (20 орын), күндізгі келіп түсу палаталары бар, сондай-ақ қалпына келтіру емшарасы мен медициналық оңалту үшін қажетті құрал-жабдықтарға ие.

Аурухана тарихындағы басшылық жасаған дәрігерлер

Зырянов Ю. А.

Ныгматуллина Г.Г.

Фоменко И. В.

Грицаенко В. Г.

Бербер Г.А.

Мантлер Н.В.

Соколов А.В.

Оразбаев М.К.

Рыспаев А.С.

Шамшин Е.М.