Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының азаматтары ақысыз медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде  дәрілік заттармен қамтамасыз етілуге құқылы.

Денсаулық сақтау саласындағы өкілетті орган негізгі дәрілік заттардың тізімін бекітеді. Тізім негізінде әрбір медициналық ұйым дәрілік формуляр құрып, азаматтарға көрінетін орындарда орналастырылады.

Тегін таратылатын дәрілік заттарға медициналық ұйымның арнайы таңбасы қойылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары ақысыз медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен ұйымның бекітілген формуляры негізінде қамтамасыз етіледі.

Жедел медициналық көмек көрсету кезінде.

Стационарлық, стационар орнын басатын медициналық көмек көрсететін, шипажайлық-курорттық емдеу жүргізетін медициналық ұйымдарда.

Дәрілік заттар медициналық көмектің кепілденген көлемнен асып кетсе, төлемді негізде беріледі.

Стационар нысанында үйде амбулаторлық және стационар орнын басатын медициналық көмек көрсету кезінде азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету былай жүзеге асырылады:

Ауру түрлерінің тізімі мен халықтың жеке санаты үшін ақысыз және жеңілдік жағдайындағы нұсқаулық бойынша.

Толық бағасы үшін.

Дәріханалық ұйымдар дәрілік заттарды бөлшектеп жүзеге асырады:

Дәрігерлердің нұсқаулығы бойынша.

Нұсқаулықсыз.

Алыстағы ауылдық мекендерде дәріханалық ұйымдар жоқ болса, дәрілік заттар ақысыз және жеңілдік жағдайында бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар арқылы таратылады.

Ақысыз және (немесе) жеңілдік нұсқаулығы бойынша дәрілік заттар алу үшін мыналар қажет:

Жеке басты куәландыратын құжат.

Ауру баланың туу туралы куәлігі (немесе оның нотариалды бекітілген көшірмесі).

Туберкулезбен ауыратын азаматтар туберкулезге қарсы мекемелер арқылы туберкулезге қарсы дәрілік заттармен амбулаторлық емдеу кезінде тегін қамтамасыз етіледі.

https://egov.kz/cms/kk/articles/pharmaceutics/2Fpharma4citizen


Атауы Жүктеу
1 ПРИКАЗ75 с изм на 09.01.2023г.2   

Қазақстан тұрғындары тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы. Тегін дәрі-дәрмекті белгілі ауруы бар, яғни медициналық көрсеткіштері бар адамдар ғана ала алады. Тегін дәрі-дәрмектер тізімі ҚР Денсуалық сақтау Министірлігінің 2021 жылдың 5 тамызындағы №75 Бұйрығында көрсетілген (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023885).

Бүгінгі таңда амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде 54 ауру қарастырылса, ал МӘМС бойынша 127 ауру түрі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету келесі ауру түрлері үшін жасалады:

  • жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, аритмия;
  • бронх демікпесі, COVID-19 коронавирустық инфекциясы;
  • созылмалы вирустық С, В гепатиті, асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы;
  • аутоиммунды аурулар және иммун тапшылығы жағдайлары, жедел лимфобластикалық лейкемия, созылмалы миелоидты лейкемия;
  • қант диабеті, муковисцидоз;
  • ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі, жүйелі склероз, шашыранды склероз;
  • церебральды сал ауруы, эпилепсия;
  • туберкулез, ВИЧ-инфекциясы, онкологиялық аурулар;
  • туа біткен жалпыланған Берардинелли-Сейптің липодистрофиясы;
  • омыртқаның бұлшықет атрофиясы, нейробластома және т.б.

Дәрі-дәрмекті алу үшін науқас өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінуі қажет. Дәрігер науқасқа оның медициналық көрсеткіштері және қажеттілік болған жағдайда дәрі-дәрмекке рецепт жазып береді. Берілген рецептті науқас өзінің жеке басын куәландыратын құжатымен бірге емхананың дәріханасына жолығуы тиіс.

Ауруды емдеу және диагностиканың клиникалық протоколдарына сәйкес, науқас медицналық кызметті жедел жәрдемнен, тәуліктік және күндізгі стационардан алған жағдайда дәрі-дәрмек тегін беріледі.

Жители Казахстана имеют право на бесплатные лекарства. Бесплатные лекарства могут получить только те, кто имеет определенные заболевания, то есть по медицинским показаниям. Перечень бесплатных лекарств утвержден приказом Министра здравоохранения РК от 5 августа 2021 года No 75, его можно посмотреть здесь (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023885).