Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

Миссия:

Миссия – халыққа сапалы алғашқы медициналық- санитарлық және профилактикалық қызмет көрстеу.  « 2021-2025 жж. арналған мемлекеттік даму бағдарламасын орындау».

Мақсат: халықтың  денсаулығын жақсарту мақсатында, медициналық байқау арқылы, денсаулық көрсеткіштеріндегі ахуалдарды ерте анықтап,   медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, аурудың алдын-алу.

Міндеттер:

  1. Біздің емханамыз-халыққа жаңа заманауи технологиялық тексеру әдістері мен емдеудің сенімді әрі кепілді бұлағы болып табылады.
  2. Қоғамның алдында әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отрып , біздің басты міндетіміз -  жоғарғы сапалы медициналық көмекке зәру адамдарды тексеру және емдеу.
  3. Емханаға қарасты территориялық аумақтарда тіркелген тұрғындар арасында, ересектер мен балаларға емханадан және үйден медициналық көмек көрсету.
  4. Медициналық ұйымға тіркелген халықтар арасында профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру.
  5. Тіркелген халыққа диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және орындау.
  6. Тіркелген халықтар арасында санитарлық –гигиеналық іс шараларды ұйымдастыру және жүргізу, сонымен қатар саламатты өмір салтын қалыптастыру.

Біздің құндылықтар:

  1. Пациентке қызмет көрсету
  • пациенттер мен олардың отбасын емдеу барысындағы серіктесі ретінде қабылдау.
  • аурудың сипаты, диагностикасы мен емі жайында пациентті ақпараттандыру, олардың денсаулығы мен амандығына қатысты шешім қабылдау кезінде толық ақпарат алуына жәрдемдесу.
  1. Сапаға бейімділік:
  • үздіксіз жоғарғы сапалы қызмет көрсетуге ұмтылу.
  • көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін барлық процесстерді жетілдіру: емхана  қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, қызмет көрсету сапасын жақсарту, медициналық жаңа технологияларды пайдалану.
  1. Кәсібилік:
  • біздің пациенттеріміздің жоғарғы сеніміне лайықты кәсібилігін , этика мен жеке бас жауапкершілігінің ең жоғарғы стандарттарын ұстану. Медициналық қызметтердің жоғарғы сапасы, стандарттарға сәйкестік, ауруға ғана емес әр пациентке деген кешенді тәсіл.
  1. Тәлімгерлік:
  • жас мамандардың қажетті кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесін жинауын, сонымен қатар өз бойында талап қою қасиетін дамыту. Жұмысының нәтижелі болуына дағдыландыру, медициналық ұйымда алғаш жұмыс жасаған жылдары кәсіби шеберлігін шыңдау және жас мамандардың (дәрігерлер мен мейірбикелердің) құзырет дәрежесін көтеру, медициналық этика мен деонтология нормаларын қалыптастыру , мәдениеттілігін 
    арттыру , ұйымының қоғамдық жұмысына араластыру.
  1. Ұжымда жұмыс жасау:
  • ұжымның ортақ ісіне әр қызметкердің үлес қосуы және түсіністікпен қарауын қалыптастыру. Ұжымның әр мүшесінің мақсатты күш салуы арқылы көрстеілетін қызметтің жоғарғы сапалы болуына талпыну.