Қызметткерлердің этикалық кодекс ережелері мен нормалары
№3 қалалық емхана
1 Медицина қызметкерлерінің этикалық кодексі – олардың лауазымдық міндеттемелерін және моральдық жауапкершілігін жүзеге асыру барысындағы этикалық нормалармен өзін ұстау тәртібі ұстанымдарының жиынтығы болып табылады.
2 Медицина қызметкері өз жұмысында міндетті:
1 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі мен Этикалық кодексін басшылыққа алу.
2 Қазақ Республикасы халқының денсаулығын нығайтуға ықпал жасау.
3 Тек қана пациенттің пайдасына шешім қабылдау.
4 Қазақстан Республикасының медицина қызметкерінің жоғарғы атағына кір келтірмеу.
5 Өз ісін үлкен жауапкершілікпен және сапалы атқару.
6 Кәсіби біліктілікті үздіксіз жетілдіру.
7 Жеке басының пайдасы үшін өзін жарнамалауға, аурудың алдын алу және емдеу тәсілдерін жеке пайдасына қолдануға тыйым салу.
8 Еңбек тәртібін қатал сақтау.
9 Медицина мекемесінің мүлкін ұқыпты ұстау және тиімді пайдалану.
10 Жемқорлыққа қарсы тұру.
11 Қызметтік ақпаратты жемқорлыққа талан-тараж болдырмау.
12 Ұжымда тұрақты және оң моральдық-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесетін жеке үлгі.
13 Этикалық кодексті басқа медицина қызметкерлерінің бұзуына жол бермеу.
14 Жұмыс кезінде белгіленген қызметтік форманы сақтау.
3 Медицина қызметкерлері және науқас:
1) Адамның жасына, жынысына, ұлтына, діни және саяси көзқарасына, шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жағдайына жәнеде басқа белгілеріне қарамай, пациенттің құқығын, намысын және қадір-қасиетін құрметтеу керек.
2) Медициналық көмекке мұқтаж әр адамға көмек көрсету.
3) Адам өмірін сақтау – ең басты парыз екенін ұмытпау.
4) Халықтың мемлекеттік денсаулық ұйымына деген сенімін арттыру.
5) Финанстық және басқада жемқорлыққа жол бермеу.
6) Қоғам тарапынан, негізді критикаларды болдырмау, болған жағдайда тағылған сынға түсіністікпен қарау,оларды жою мақсатында кәсіби біліктілікті жетілдіру.
4 Медицина қызметкерлері арасындағы міндет:
- Этикалық – морльдық нормаларын сақтау, әрқашанда сыпайы болу.
- Әрқашанда өз көмегін аямау, қажет болған жағдайда өз әріптестерінің көмегіне жүгіну.
- Медицина қызметкерлері көпшілік алдында басқа медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігіне сенімсіздік білдіруге немесе беделін түсіруге құқығы жоқ.
- Медицина қызметкерлері Қазақстан медицина қауымдастығының абыройы мен асыл дәстүрлерін сақтауға міндетті.
- 5 Медицина қызметкерлерінің этикалық кодексті сақтау – олардың кәсіби міндеті.
- 6 Этикалық кодексті бұзу фактілері тіркелген кезде, емхана басшысының ұйғарымымен, ұжымда талқылануға және көпшіліктің үкіміне жолданады