2021 жылдың 15 қыркүйек 15 қараша аралығында Қазақстан Республикасының «Тұрғындарды тіркеу үшін кампаниясының» басталуына байланысты Атырау №3 қалалық емханасы қала тұрғындарын өз қалаулары бойынша тіркелуге шақырады, 2022 жылдың 1 қантарынан бастап біздің емхана Сізге тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бойынша қызмет көрсетіледі.
№3 емханаға тіркелген халық саны - 49676, халыққа медициналық көмек 30 жалпы практикалық дәрігерлер, 2 педиатр, 2 терапевт, 4 гинекологиялық бөлімдер және күндізгі аурухана арқылы көрсетіледі. Күндізгі аурухана 55 керуетпен, 3 ауысымда жұмыс жасайды.
Сонымен қатар мамандандырылған көмектің түрлері жоғары білікті мамандармен көрсетіледі: кардиолог, невропатолог, окулист, лор, хирург, травматолог, онколог, инфекционист, эпидемиолог, гастроэнтеролог, эндокринолог, стоматолог, врач рентгенолог, врач УЗИ, функционалист, врач-лаборант, эндоскопист, реабилитолог, фтизиатр, фтизиопедиатр, психологтар.
Емханада реабилитациялық оңалту бөлімшесі ашылды. Реабилитациялық оңалту бөлімшесі УВЧ, УЗТ, УФО, ДДТ жабдықтармен қамтылған және де биоптрон, электрофорез, парафинотерапия, массаж жасалынады.
Жалғыз біздің емханада жеке клиникалық зертханасы бар, заманауи клиникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілген, соның ішінде ИФА, ПЦР жабдықтары. Автоматты түрде талдауларды анықтайтын биохимиялық және гематологиялық анализаторлар бар (яғни адам факторының талдау нәтижесіне әсер етпейді). Емханада ішкі құрсақ органдар мен кіші жанбас органдарының ультрадыбыстық зерттеулері, ЭХО кардиография, СМАД, Холтер, УЗДГ өткізіледі(бас, брахицефалды тамырлар). Дәрігерге дейін қабылдау бөлмесі, ерлер мен әйелдерді тексеру бөлмесі, отбасылық жоспарлау бөлмесі, дені сау балалар бөлмесі, жастар орталығы, «босануға дайындау мектебі», «жас аналар мектебі», «артериялық гипертензиямен жүрек қан тамырлар аурулары, қант диабет, бронхиалды астма мектептері», «қариялар мектебі», «СӨС мектебі» жұмыс жасайды. Біздің емханаға тіркелуге асығыңыз, себебі бүгінгі күні біздер аккредиттелген ұйымбыз, 2021 жылдың маусым айында бірінші санат алдық, сонымен қатар біздің емханада барлық қажетті материалды-техникалық базасы (жабдықтар, мамандар) бар және біз бүгінгі күні үнемі медициналық қызметтың сапасын жақсарту үшін жұмыс жасаймыз, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шартында бәсекеге қабілетті болу үшін. Біз Сізді №3 Атырау қалалық емханасында күтеміз. Қосымша ақпаратты 95-04-16, 95-04-17 телефондар арқылы біле аласыз.