Комплаенс қызметінің жұмысы түсіндірілді
«№3 Атырау қалалық емхана» ШЖҚ КМК-ны және осы емханаға қарасты «Ақжар» ДА, «Ақсай» ДА, «Алмалы» ДА, «Огородный» ДА-ның қызметкерлеріне квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жұмысы түсіндірілді. Алдағы уақытта емхана ішінде болған тәуекелді комплаенс қызметкері шешіп, нақты жұмыс көрсетілуі керек.
Комплаенс қызметінің міндеттері және жұмыс барысы:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – квазимемлекеттік сектор субъектісі және оның жауапты тұлғасына ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету;
2. Қызметкердің өз лауазымдық міндеттемелерін орындамауын бақылау;
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігін анықтау;
4. Квазимемлекеттік сектор нормативтік құжаттамасының ережелері;
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің ақпараттық ашықтығы;
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылының ішкі саясаты;
7. Квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс - шаралары;
8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі уәкілетті органға және басшы алдында атқарылған жұмыстың есебі.

View the embedded image gallery online at:
https://gor-pol3.kz/komplaens-yzmeti.html#sigFreeId777475a901