Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Атырау №3 қалалық емхана Атырау қаласында Баймуханова көшесі 39 үйде орналасқан, 2001 жылдың 21 тамызында ашылды.

№3   емханаға тіркелген халық саны - 47759; халыққа медициналық көмекті 31 жалпы практикалық дәрігерлер, 2 педиатр, 2 терапевт ,4 гинекологиялық бөлімдер және күндізгі аурухана арқылы көрсетіледі. Күндізгі аурухана 60 керуетпен,  3 ауысымда жұмыс жасайды.

Сонымен қатар мамандандырылған көмектің түрлері жоғары білікті мамандармен көрсетіледі: невропатолог,  оташы,  гастроэнтеролог, эндокринолог, эндоскопист,  онколог, стоматолог, рентгенолог дәрігерлер, ультрадыбыстық дәрігерлер, фтизиатр, фтизио-педиатр, психологтар.

№3 Атырау қалалық емханаға қарасты көшелер мен ықшам аудандар: Привокзальный 3,3а,5 ы.а.; 1-ші участок ы.а.; СМП 163 ы.а.; Огородная к-сі;  Контейнер к-сі; Береке ы.а.; Мұнайшы ы.а.; Ардагер ы.а.; Ақжар селосы; Ақсай селосы, Алмалы селосы.

Атырау №3 қалалық емханаға 3 колледж - Агротехникалық, Политехникалық, Бизнес және құқық колледжі, 7 мектеп - №18, №22, №23, №24, №25, №26, №27, Алмалы орта мектебі және 8 балабақша - №7, №13, №26, №31, №54, №55, №59, Алмалы селолық округінің «Бұлбұл» балабақшасы қарасты.

Материалдық-техникалық база 

Емхана 4 қабатты, стандартты емес ғимаратта орналасқан. Ол орталықтандырылған жылыту, ыстық және суық сумен, канализациямен, энергиямен қамтамасыз етілген.

Емхана екі ауысыммен жұмыс істейді, емхананың жоспарланған қуаттылығы – бір ауысымда 270 адам , емхананың нақты қуаттылығы –   бір ауысымда 362 адам.

Емхананың өткізу қабілеті – бір ауысымда 1100 адам.

Емхана 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Медициналық көмекпен қамту радиусы 3-15 км.