Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

Дүниежүзілік қалқанша безі күні

Жыл сайын 25 мамыр күні әлемде Дүниежүзілік қалқанша безі күні атап өтіледі. Бұл күнді өткізудің мақсаты – қалқанша без аурулары, оларды емдеу және алдын алудың әдістері туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру. Қалқанша безі адам ағзасында маңызды орын алады. Ол жүйке, эндокриндік, иммундық, жүрек-қантамыр, тыныс алу және тағы басқа адам ағзасының барлық жүйесінің жұмыс істеуіне әсер ететін гормондар шығарады. Қалқанша безінің гормондары иммун жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне жауап береді: ағзаның инфекциялармен күресуіне әсер ететін жасушаларын ынталандырады. Қалқанша безі сонымен қатар адамның көңіл-күйіне және сырт пішініне де ықпал етеді. Қалқанша безінің ықтимал аурулары және олардың алдын алу әдістері туралы қоғамның хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында № 3 қалалық емханада Ашық есік күні өтті. Емхананың эндокринолог-дәрігері Аққу Жақсыбаева мен психолог, СӨС маманы Гүлзада Зейнеденова қалқанша безінің ауруларының алдын алу және аурудың негізгі белгілері туралы айтып берді.

View the embedded image gallery online at:
https://gor-pol3.kz/shkola-zdorovya.html#sigFreeId008cdbfb9b


Тұзды тұтыну денгейін тиімді пайдалану туралы апталығы

15-21 мамыр аралығында Қазақстанда «Тұзды тұтыну денгейін тиімді пайдалану туралы» апталығы өтуде. Тұз біздің диетамыздағы натрийдің негізгі көзі болып табылады, бірақ бүгінде бүкіл әлемде тұзды тұтыну қауіпсіз мөлшерден асып түседі – күніне 5 грамм. Ас тұзын көп мөлшерде тұтыну миокард инфарктісі, инсульт және т.б. сияқты жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болуына әкеледі. Тұзды тұтынуды азайтудың негізгі пайдасы жоғары қан қысымын тиісті түрде төмендету болып табылады.

View the embedded image gallery online at:
https://gor-pol3.kz/shkola-zdorovya.html#sigFreeId326a5c1cbd