Жаңалықтар

2018 жылдың 17 қазанында Атырау №3 қалалық  емханасына ҚР Премьер Министрінің орынбасары Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары іссапармен келіп, денсаулық сақтау жүйесінің цифрландыру процестерімен және «КазМедИнформ» медициналық ақпараттық жүйесінің жұмысымен танысты.

Атырау №3 қалалық емхана ұжымы директор  Утегенова Айман Бағытжанқызын Халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау магистрі академиялық дәреже алуымен құттықтайды.

2018 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Премьер- министрі Бакытжан Абдирұлы Сагинтаев және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Мейрашқызы Актаеваның жұмыс сапарының аясында Атырау қалалық №3 емханасына келіп, денсаулық сақтау жүйесінің цифрландыру процестерімен танысты.

2018 жылдың ақпан айында Атырау облысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі - Иван Иванович Клименко және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры - Лаура Мустафьевна  Ахметниязова  «ҚР ана және бала өлімінің төмендету мақсатында» Атырау облысында атқарылған жұмыстар бойынша іс-сапарымен Атырау қалалық №3 емханаға келуі.

2017 жылдың 2 қазанында №3 Атырау қалалық емханасы "Қарттар күні мерекесіне" орай акция өткізді, акцияның барысында медициналық қызметкерлердің тобы қарттардың үйлерін аралап, қан қысымын өлшеді, қант деңгейін тексерді, ЭКГ аппаратқа түсірді. Сонымен қатар қарттарға азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Атырау қаласындағы №3 емханада электронды кезек пилоттық жобасының тұрғындарға таныстырылымы болды, Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Қ.Аймурзиеваның қатысуымен. Аталған жоба 3 айдың ішінде Атырау қаласының барлық емханаларда жүзеге аса бастайды. Электронды кезектің жүйесі екі тілде жұмыс істейді, бұл жүйе дәрігерлерге де, емделушілерге де тиімді.