№3 Атырау қалалық емхана Атырау қаласында Баймуханова көшесі 39 үйде орналасқан,  2001 жылы  21 тамызында  № 9,10,11  отбасылық  дәрігерлік амбулаториялардың  негізінде Атырау облысы әкімінің №22  шешімімен ашылған, куәлік  № 4285-1911 ҚЕ 2001 жылдың 24 қыркүйегіеде берілген.

 

№3   емханаға тіркелген халық саны  45306 адам; халыққа медициналық көмекті 17 жалпы практика дәрігерлер, 2 педиатр, 2 терапевт , 
4 гинекологиялық бөлімдер және күндізгі аурухана арқылы көрсетіледі. Күндізгі аурухана 55 керуетпен, 3 ауысымда жұмыс жасайды.

 

Сонымен қатар  мамандандырылған көмектің түрлері жоғары білікті мамандармен көрсетіледі: невропатолог, офтальмолог, хирург, гастроэнтеролог, эндокринолог, проктолог, уролог, стоматолог,  рентгенолог дәрігерлер, ультрадыбыстық дәрігерлер, психологтар. Эндоскопия кабинетінде дәрігер эндоскопист, профессор Медеубаев Рустем Калимович қызмет көрсетеді. Проктология кабинетінде дәрігер проктолог, медицина ғылымының кандидаты Нажмеденов Абзал Парухович қызмет көрсетеді.

 

Емханада ішкі құрсақ органдар  мен кіші жанбас органдарының ультрадыбыстық зерттеулері, ЭХО кардиография, СМАД, Холтер, УЗДГ өткізіледі(бас,  брахицефалды тамырлар).

 

Біздің емханада жеке клиникалық зертханасы бар, барлық клиникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілген, зерттеу жұмысының сапасын арттыру мақсатында ИФА, ПЦР жабдықтар жаңартылды, осы жабдықтар  келесі талдауларды  анықтайды: жыныс инфекциялардың 8 түрі, гепатит , қалқанша без гормондарды, прогестерон, тестостерон, ТТГ, Т4, TПO, пролактин, ПСА (еркін және жалпы),хеликобактер. Автоматты түрде талдауларды  анықтайтын  биохимиялық және гематологиялық анализаторлар бар (яғни адам факторының талдау нәтижесіне әсер етпейді).

 

Емханада реабилитациялық оңалту бөлімшесі ашылды. Реабилитациялық оңалту бөлімшесі УВЧ, УЗТ, УФО, ДДТ жабдықтармен қамтылған және де биоптрон, электрофорез, парафинотерапия, массаж жасалынады


№3 Атырау қалалық емханаға қарасты көшелер мен ықшам аудандар: Привокзальный 3,3а,5 ы.а.; 1-ші участок ы.а.; СМП 163 ы.а.; Огородная к-сі;  Контейнер к-сі; Мұнайшы ы.а.; Ардагер ы.а.; Жұлдыз селосы; Ақжар селосы; Ақсай селосы.

 

№3 Атырау қалалық емханаға 3 коледж – Агротехникалық, Политехникалық, Бизнес және құқық коледжі; 7 мектеп – 18,22,23,24,25,26,27 орта мектептері;     7 балабақша – 7,13,26,31,54,55,59 балабақшалары.

 

Материалдық-техникалық базасы.

 

Емхана  бейінді емес ғимаратта орналасқан, 4 қабатты кірпіш ғимарат.  Орталық жылумен, ыстық және салқын сумен, кәрізбен, энергетикамен жабдықталған. Емхана екі ауысымда жұмыс істейді, бір күнде жоспар бойынша күші -  270 адам , ал  шын мәнінде 400 адам. Клиника 8.00-ден  бастап 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.

 

Медициналық көмектің радиусы - 15-35 км .



Емхана Денсаулық сақтау бірыңғай ақпараттық жүйесі бойынша келесі порталдармен жұмыс жасайды: госпитализация Бюросы, РПН, АПП, АИС поликлиника, СКПН, ЭРДБ, ЭРСБ, РБиЖФВ, Онкорегистр, ВПЧ, ЛС, СУКМУ, СУР.