Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру шеңберінде ҚР ДСМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы мен Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен 2017 жылдың 7 сәуірінде республика өңірлерінде Дүниежүзілік денсаулық күнін өткізу жоспарлануда.

 

ДДҰ құрылған күні жыл сайын 7 сәуірде аталып өтетін Дүниежүзілік денсаулық күні әлемдегі адамдарды толғандыратын денсаулық сақтау саласына байланысты қандай да бір тақырыпқа қатысты әрекеттерді жұмылдырудың бірден-бір мүмкіндігі болып табылады. 2017 жылғы ДДҰ жариялаған Дүниежүзілік денсаулық күнінің ұраны: «Депрессия: кел, сөйлесейік» («Depression: Let's talk»). 


Депрессия – үнемі уайымға түсіп жүруді және әдетте қанағаттандыратын іс-әрекет түріне қызығушылықты жоғалтуды, сондай-ақ кемінде екі апта бойы күнделікті істерді орындай алмауды сипаттайтын ауру. Депрессиядан зардап шегетін адамдарда келесі белгілер байқалады: қуаттың жетіспеуі, тәбеттің төмендеуі, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, алаңдау, зейіннің төмендеуі, батылсыздық, мазасыздық, өзін мүсәпір, кінәлі немесе шарасыз сезіну, сондай-ақ өзіне зиян келтіру немесе өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлау.

 

Депрессиядан барлық жастағы адамдар, барлық халық тобы зардап шегеді. Депрессия психикалық зардап әкеліп, адамға күнделікті ең қарапайым міндеттерді орындау қабілетіне де кері әсерін тигізеді және кейде адамның жақындарымен және достарымен өзара қарым-қатынасына да, сонымен қатар адамның өзіне жұмыс істеу қабілетіне де зияны тиюі мүмкін. Ең ауыры депрессия адамның өз-өзіне қол жұмсауына әкеп соғуы мүмкін. Қазір 15-29 жас аралығындағы адамдардың өлім-жітімінің екінші жетекші себебі депрессия болып отыр. ДДҰ-ның бағалауынша депрессиядан әлемде 250 миллион адам зардап шегеді.

 

Депрессия әлеуметтік, психологиялық және биологиялық факторлардың нәтижесінде дамиды. Қандай да бір жағымсыз оқиғаны (жұмыстан шығу, жақын адамынан айырылу, психологиялық жарақат алу және т.б.) басынан өткізген адамдарда депрессияның даму мүмкіндігі жоғары. Депрессия мен деннің саулығының өзара байланысы бар. Мысалы, жүрек-қантамыр аурулары депрессияның дамуына алып келуі мүмкін.

 

Депрессияның даму қаупін кедейлік, жұмыссыздық, жақын адамнан айырылу немесе байланысты үзу секілді өмірдегі оқиғалар, алкогольдік ішімдік немесе нашақорлықтың салдарынан туындаған ауру және қиындықтар асқынтады, сондай-ақ депрессияны емдемесе адамның жұмыс істеуіне және отбасы мен қоғам өміріне араласуына кедергі келтіруі мүмкін.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми статистикалық мәліметтеріне сәйкес 2016 жылы бірінші рет қойылған психикалық және мінез-құлықтың бұзылуының салдарынан болған аурушаңдылық ел бойынша 100 000 халыққа шаққанда 60,8-ді құраған, сонымен қатар үлкен көрсеткіш Қарағанды обл. (100 000 халыққа шаққанда 103,6), Оңтүстік Қазақстан обл. (100 000 халыққа шаққанда 91,1), Қостанай обл. (100 000 халыққа шаққанда 88,1) және Астана қаласында (100 000 халыққа шаққанда 63,5) байқалған. Динамикалық бақылаудағы психикалық және мінез-құлықтың бұзылуымен ауыратындардың саны 2016 жылдың соңында ел бойынша 100 000 халыққа шаққанда 1092,1-ді құрап,  ең көп көрсеткішті Қарағанды обл. (100 000 халыққа шаққанда 1910,4), Қостанай обл. (100 000 халыққа шаққанда 1859,5) және Шығыс Қазақстан обл. (100 000 халыққа шаққанда 1421,4) көрсеткен. 


Қазақстан Республикасының Құқықтық статистика жөніндегі комитетінің мәліметтері мен Бас прокуратурасының арнайы есебі бойынша:

 

кәмелеттік жасқа толмағандар арасында 2015-2016 жылдар арасында суицид саны 13,4%-ға төмендегені байқалады, оның ішінде ұлдар арасында  10,2%, қыздар арасында 19% (2013 жылдан 2016 жылға дейін шамамен екі есеге 341-ден 175-ке төмендеген);

 

35-44 жастағы тұлғалар жасаған суицид санының өсуі байқалады - 16,0%, оның ішінде ерлер – 755 (652, 15,8%-ға), әйелдер – 144 (123, 17,1%-ға) өскен.

 

Сонымен қатар 18-24 жастағы әйелдердің суицидке баруының өсуі назар аудартады – 116 (111, 4,5%-ға өскен).


Депрессияның алдын алу бойынша бағдарламалар індетті азайтуға алып келетіні дәлелденген. Жеке қоғам деңгейінде депрессияның алдын алу бойынша жасалатын тиімді тәсілдерге балалар мен жасөспірімдер арасында дұрыс ойлауды оқыту бойынша мектептерге бағытталған бағдарламалар кіреді. 


Мінез-құлықтық мәселелері бар балалардың ата-аналарына арналған шаралар олардың ата-аналарының депрессиялық белгілерін азайтуға және балаларының нәтижелерін жақсартуға ықпал етеді. Қарт адамдарға арналған дене жаттығулары бағдарламалары депрессияның алдын алу үшін де тиімді.

 

ДДҰ-ның сарапшылары төмендегілерді әр адамға ұсынады:

 

Есіңізде болсын, сіз жалғыз емессіз. Сіздің басыңыздан өткен жағдайды көп адамдар да көрген және тірі қалған.

 

Есіңізде болсын, өз-өзіне қол жұмсау туралы айтқаныңыздың ешқандай әбестігі жоқ. Бұл тақырыпты қозғау арқылы өзіңізді жақсы сезінуіңіз мүмкін.

 

Сіздің жазылып кетуіңіз мүмкін екенін естен шығармаңыз.

 

Сізге көмектесетін адамдар бар екенін естен шығармаңыз.

 

Әр адам егер уайымға түссе немесе депрессия болуы мүмкін деп ойласа келесі шараларды қабылдауына болады:

 

Сенетін адамыңмен, яғни отбасы мүшесі, досың немесе ұжымдасыңмен сезіміңді бөлісу.

 

Маманға, учаскелік немесе отбасы дәрігеріне жүгіну, психологпен немесе әлеуметтік қызметкермен сөйлесу.

 

Өзіңе ұнайтын істермен айналысуды жалғастыру немесе ұқсас іс табу.

 

Бөлектенуден аулақ болу. Отбасымен және достармен байланыста болу.

 

Үнемі тамақтану және қанып ұйықтау қажет.

 

Үнемі дене жаттығуымен, соның ішінде серуендеумен айналысу қажет.

 

Алкогольді ішімдіктерді тұтынудан бас тарту және дәрігер тағайындаған дәрілерді ғана қабылдау.

 

Егер сіз қауіпті және өзіңізге зиян келтіретініңізді сезінсеңіз жедел көмек қызметіне хабарласыңыз, мысалы «қызыл желі – 150», елдің кез келген бұрышынан қоңырау шалып, психологтың тегін кеңесін алуға болады немесе тұрғылықты мекенжай бойынша маманға жүгініңіз.

 

Депрессияның алдын алуға және емдеуге болады! Өзіңіз сенім артқан адаммен әңгімелесу депрессиядан айығудың бірінші қадамы болуы мүмкін. Депрессияның не екенін және қалай оның алдын алуға немесе емдеуге болатынын терең түсіну осы аурумен байланысты кері пікірді жоюға және көп адамдарды бірінші буындағы мамандарға, учаскелік дәрігерлерге, мейірбикелерге, психологтарға, әлеуметтік қызметкерлерге және т.б. мамандарға жүгінуге мүмкіндік береді.

 

Барлық денсаулық сақтау мамандарының міндеті депрессиядан зардап шегіп отырған адамдарға қолдау көрсету бойынша барлық мүдделі тараптармен бірлескен жұмысты күшейту болып табылады.

 

          №3 Атырау қалалық емхананың  сенім телефондары 30-93-78,      36-65-03.