2019 жылдың 1 сәуірінде Қазақстанда қызылшыға қарсы қосымша иммундау жұмыстары басталды. Вакцинация үшін қызылша, қызамық және паротитке қарсы екпе қолданылады. Вакцина Үндістанның компаниясымен шығарылған және әлемнің 70-тен астам елінде, соның ішінде Қазақстанда қолданылады.
Вакцинаны кімдер алу керек?
- 9 айдан асқан балалар;
- 20-29 жас аралығындағы адамадар;
- осы уақытқа дейін егілмегендер мен қызылшамен ауырмағандар;
- 5 жыл бұрын егілгендер;
- ауруға шалдыққан адамдармен қатынаста болған медициналық қызметкерлер.
Екпелер кімге еглмейді?
Уақытша және тұрақты қарсы көрсетілімдер болғандықтан, вакцинациялауға рұқсат етілмейтін адамдар санаттары бар.
Уақытша қарсы көрсетілімдер, бұл - созылмалы аурулардың асқынуы, жедел респираторлық вирустық аурулар, маусымдық аллергиялар, жүктілік.
Тұрақты қарсы көрсеткіштер, бұл - онкологиялық аурулар, орталық жүйке жүйесінің аурулары және тұрақты аллергия.
Қарсы көрсеткіштер тек аурудың асқынған кезеңінде болуы мүмкін, ремиссия басталған кезде сіз дереу екпеңізді алу керексіз.
Қызылша қаншалықты қауіпті?
Қызылша вирусы ауа тамшыларымен жұғады және екі сағатқа дейін ауада қалады. Бұл уақытта ештеңе сезінбейтін адамдар қалыпты өмір салтын ұстануды жалғастырады, жұмысқа, мектепке барады, қоғамдық көлікте жүреді, ауырып қалған адамдармен байланыста болады.
Қызылша пневмония, бронхит, энцефалит сияқты асқынулармен қауіпті, дәрігерге кеш шағымдаған кезде өлімге әкелуі мүмкін. Қызылшаға қарсы жалғыз тиімді шара - бұл вакцинация.
Дене қызуы, жөтел, мұрынның ағуы, жұлдыру, денеде бөртпе сияқты белгілер пайда болған жағдайда, уақтылы ем алу үшін дәрігерге жолығу керек. Шетелге шықпас бұрын, елдегі инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық жағдайын білу керек.
Вакцинаны қайдан алуға болады?
Вакцинацияға қатысу үшін, сіз тіркелген медициналлық ұйымға жолығу керексіз. Бұл барлық қазақстандықтар үшін ақысыз түрде жасалынады.
Қызылшаға қарсы қосымша иммундаудың келесі кезеңі 2019 жылдың 15 қыркүйегінде басталады, әр қалалық емхана, берілген мәліметтер негізінде, иммундауға келетін адамдардың тізімін дайындады.
Қызылша жағдайы!
Статистикаға сәйкес, Қазақстан қызылшаға шалдығу жағдайы бойынша қолайсыз елдердің қатарына енді, ал Атырау облысы Қазақстан бойынша екінші орында.
Қазіргі жағдайға байланысты біз халықты міндетті иммунизациялауға шақырамыз. Вакцинациядан сіз өзіңізді, жақындарыңызды және басқаларды қорғайсыз.