Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

Есеналиева Сауле Нурмухамбетқызы, 1959 жылы 28 ақпанда Атырау облысы, Жылой ауданында дүниеге келген.

1976 жылы Макаренко атындағы орта мектепті бітірген.

1978 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1985 жылғы аталған оқу орнының емдеу ісі факультетін бітірген.

1985-1986 жылдары Гурьев қаласының темір жол ауруханасында, терапевт мамандығы бойынша интернатурадан өтті.

Жолдасы Танатaров Тарифулламен 1992 жылы бас қосқан. Дастан, Рауан атты екі баласы бар.

Еңбек жолын цеховой дәрігер болып, 1988 жылы Эмба аудандық дәрігерлік амбулаториясында бастады.

1992-2001 жылдары Атырау қаласының №2 емханасында цеховой дәрігер қызметін атқарды.

2001-2005 жылдары Атырау облыстық ауруханасында дәрігер-гастроэнтеролог болып жұмыс істеді.

Атырау №3 қалалық емханасына 2006 жылы дәрігер-гастроэнтеролог болып жұмысқа орналасты.

Жоғары санатты дәрігер – гастроэнтеролог, осы емханада түрлі лауазымдарда қызмет атқарды: гастроэнтеролог, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің сараптау ісі жөніндегі орынбасары.

Еңбек жолында грамоталармен және төс белгілермен марапатталды:

  • 2017 жылы Атырау Денсаулық сақтау басқарамасының «Құрмет грамотасымен»;
  • 2019 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі» үшін төс белгісімен.

2018 жылдан бастап зейнеткерлікке шықсада, емханада жұмыс жасап келді. Өз ісінің жақсы маманы, пациенттер мен әріптестерінің беделі мен құрметіне ие болды. Жауапты, мақсатты, еңбекқор, ынталы және құрметті адам болды. Науқастар оны жоғары қарым-қатынас мәдениеті мен жұмысқа кәсіби көзқарасы үшін бағалайды. Кішілерге апа, ұстаз болып, үлкендерді сыйлай білді.

Біз үшін Сауле Нурмухамбетқызы әр уақытта қасымызда.

Біз үшін орны толмас, үлкен қайғы болды.

Атырау №3 қалалық емхана ұжымы!