Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылы атап өтті. 

Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.

Бүгін 2021 жылдың 1 наурызында емхана директоры А.Б.Утегенова ұжымға Алғыс айтып, мейраммен құттықтады, әсіресе, көпбалалы, мүгедек балалары бар отбасыларға және жалғыс басты аналарға көңіл аударды, өйткені қазіргі заманда отбасы асырауға оңай емес, ерекше отбасыларымызға денсаулық, бақыт тілеп, біз бірге екенімізді жеткізді!

Сонымен қатар, COVID-19 ауруымен күресу жолында және алдын алу мақсатында вакцинацияны өткізіп, облыс алдында беделімізді көтеріп, абыроймен жүргізген жұмыстары үшін, екпе бригадаларға үлкен алғысын білдірді.

Ұжымға ризашылығын білдіре отыра, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, кәсіби біліктілігіңіздің арқасында биік асулардан көрінуге тілектестік білдірді.