1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС - пен күрес күніне арналған онкүндік жарияланды. 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Атырауда ЖИТС - пен күрес мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған түрлі ауқымды іс - шаралар өткізілуде. "Теңдік уақыты!" - бұл өткізілген онкүндіктің ұраны. №3 қалалық емханада Ашық есік күні өтті. Медициналық мекеменің мамандары қала тұрғындарына білім беру материалдарын тарата отырып, АИТВ - инфекциясының алдын алу туралы айтып берді. Сондай - ақ, халық үшін "АИТВ - ға тест тапсырыңыз" анонимді экспресс - тестілеу жүргізілді.