№3 Атырау қалалық емханасының бас медбикесі Наталья Балтабек "Шиба" медициналық орталығында біліктілікті арттыру курстарынан сәтті өтті. Бұл Израильдегі ең үлкен медициналық орталық және әлемдегі белгілі 10 орталықтың ішіне кіреді. Біліктілікті арттыру курстары 100 ден аса академиялық сағатты құрайды. Тақырыбы: "Орта персоналға арналған медициналық ұйымдағы Менеджмент". Натальяның айтуынша, оқу барысында олар клиниканың гинекологиялық, онкологиялық, кардиологиялық орталықтарының жұмысымен танысып, түрлі тақырыптарда дәрістер тыңдады. Айта кетейік, медицина қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстарына іс - сапар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Екі аптаға созылған курс соңында барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен сертификаттар табысталды.
https://gor-pol3.kz/zhanaly-tar/415-biliktilikti-arttyru.html#sigFreeIddeac9dc556