"Таза алақандар" акциясы. №3 қалалық емхананың мамандары "Нұрбөбек" балабақшасында "таза алақандар" акциясын өткізді. Оның мақсаты балалардың назарын жедел ішек инфекцияларының және басқа аурулардың алдын алу яғни ең тиімді және қолжетімді әдістерінің бірі, қолды сабынмен уақтылы және дұрыс жуу болып табылады. Емхананың жанұялық денсаулық орталығы бөлімінің меңгерушісі Данагүл Құттыбаева мен мейірбике Майра Байбусинова балаларға қолдарын қалай және не үшін жуу керектігі туралы егжей-тегжейлі айтып, қолдарын жуу ережелерімен таныстырып, «менің қолым таза» жадынамаларын табыс етті. - Қолды жиі жуудың басты мақсаты, бұл қолды тазалаудың гигиеналық процедурасы, көбінесе сабынмен немесе ұқсас дезинфекциялау құралдарымен кірді, бактериялардың микроорганизмін, микробтар мен бактериялардың алдын алу үшін вирустардан тазарту. Қазір тұмау маусымы жүріп жатыр, ересектер мен балалар күніне кемінде 6-7 рет қолдарын жуу керек, - дейді мамандар. Балабақша тәрбиешісінің айтуынша, балалар микробтармен күресу әдістері туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді, қолдарын сабынмен дұрыс жууды үйренді.