№3 Атырау қалалық емханасының қызметкерлері үшін "Медициналық этика және деонтология" тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Әріптестер алдында пациенттерді қолдау орталығының маманы Гүлзада Зейнеденова мен СӨС орталығының маманы Гүлхан Аққазиева баяндама жасады. Олар әрбір медицина қызметкері өз қызметінде сақтауы тиіс негізгі этикалық қағидаттарды айтты. Персоналды басқару бөлімінің маманы, комплаенс офицер Дана Қажығалиева ішкі тәуекелдің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Сөз сөйлегендер айтқандай, емхана қызметкерлерімен осындай семинарлар өткізу өте маңызды. Мұндай іс - шаралардың негізгі мақсаты - кәсіби мінез-құлық нормаларын жетілдіру, бұл, сайып келгенде, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал етеді.
https://gor-pol3.kz/zhanaly-tar/455-meditsinaly-etika-zh-ne-deontologiya.html#sigFreeIdcb4e03c227