№ 3 Атырау қалалық емханасының мамандары халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізеді. Олар сақтандырудың артықшылықтары туралы айтады. Мұндай жұмыс адамдар көп жиналатын жерлерде, базарларда, қала дүкендерінде жүргізілді. Айта кетейік, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Оны енгізудің арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 еседен астам өсті. МӘМС есебінен денсаулық сақтауды қаржыландырудың айтарлықтай өсуі медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік берді. МӘМС жарналарын үнемі төлейтін және "сақтандырылған" мәртебесі бар азаматтар медициналық қызметтердің неғұрлым кең тізбесін ала алады.