Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні барлық ата-ана кішкентай балақайларға ерекше көңіл бөледі. Ауыл-аймақ, қалаларда осы күнге арналған түрлі концерттер ұйымдастырылып, тіпті кейбір компаниялар немесе орталықтар аталған күні балаларға арнап арнайы сый дайындауда. N3 Атырау қалалық емханасының басшысы Өтегенова А.Б. бастаған ұжымдастар және де “AQNIET” Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының мүшелері сонымен қатар әр участоктегі дәрігерлер мен мейірбикелер айтап айтқанда Жанұялық денсаулығын қорғау орталығы N1,N2, шалғай ауылдағы дәрігерлік амбулаториялар “Ақжар, Ақсай, Огородный, Алмалы” өз участоктегі 1-5 жас аралығындағы 57 баланың (ерекше балалар мен мүгедек балалар) үйлеріне барып “1 маусым - Халықаралық баларды қорғау” - күнімен құттықтап мерекелік көңіл - күй сыйлап, сонымен қатар сый - сияпаттар табысталды. Оған қоса “AQNIET” Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерэ кәсіподағының мүшелері - N3 Атырау қалалық емханасындағы қызметкерлерінің 3-7 жас аралығындағы балаларына “Mykids” ойын - сауық кешініне 1 билет және де сыйлықтар табысталды.