Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 №3 Атырау қалалық емханасында түсіндірме жиналысы өтті. Күн тәртібіндегі қаралған мәселе: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  2021 жылғы 12 қазандағы №103  бұйрығына сай  "Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы. Жиынның төрағасы №3 Атырау қалалық емханасы директорының орынбасары Мейіргүл Кенжеғалиева. Оның айтуынша көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтінішті берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама көрінеді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз түрінде алу үшін денсаулық сақтау субъектісіне жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты  ұсына отырып жүгінеді. Өтінімді электрондық форматта берген кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша қызметкерлерге толық мағлұмат берілді.