Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, сәбиді өмірінің алғашқы алты айында емізу қажет, тек осы кезеңнен кейін ғана 2 жасқа дейін аралас тамақтандыруға (ана сүті мен толыққанды қосымша тамақтануға) өтуге болады.
Емізудің, ана сүтінің пайдасы қандай?
- Нәрестелер ана сүтінің құрамындағы иммундық факторлардың көмегімен вирусты инфекциялармен аз ауырады, оларды жеңіл көтереді және одан тез жазылады. Осылайша, жылдың суық мезгілінде тұмаудан, ал ыстық кездерде - ішек инфекцияларынан қорғайды.
- ана сүтімен тамақтанған балалар демікпеден, диареядан, құлақ инфекциясынан, екінші типті диабеттен аз зардап шегеді;
- баланың емшекті ему актісі дұрыс тістеуді қалыптастырады және тіс жегінің алдын алады;
- баланың ақыл-ой қабілеттерінің жақсы дамуына ықпал етеді;
- ана мен бала арасындағы байланысты орнатуға көмектеседі.
Емізу процесі ананың денсаулығына да оң әсер етеді. Диабет, сүт безі, аналық бездері ісігінің және ананың босанғаннан кейінгі күйзелісінің пайда болу қаупін төмендетеді.