Жалпы, дүниежүзілік бала емізу апталығы аясында № 3 Атырау қалалық емханасында консультативтік шара ұйымдастырылды. Мақсат - әйелдерге ана сүтінің пайдасы туралы ақпарат беру. Дәрігер-терапевт Айымжан Пернебекова емхана пациенттеріне сәбиді емізудің артықшылықтары туралы айтып берді. Сонымен қатар, ол болашақ аналарға жаңа туған нәрестені қалай дұрыс тамақтандыру керектігі туралы кеңестер де берді. Дәрігерлердің айтуынша, ең бастысы-мамандардың көмегіне жүгінуден қорықпау.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 1-7 тамыз аралығында осындай апталық өтеді. Сәбиді ана сүтімен тамақтандыру – бұл табиғаттың әйел адамға берген үлкен сыйы. Ана мен бала арасында ерекше жақындық пайда болады. Мұны сөзбен жеткізу оңай емес. Оны сезіну қажет. Жалпы, ана сүті – өзінің пайдалы құрамымен ерекшеленеді.Бұл алдымен нәрестенің дұрыс өсуінің негізі. Оны ешбір сүт қоспасы алмастыра алмайды.
https://gor-pol3.kz/zhanaly-tar/505-konsultativtik-is-shara-jymdastyryldy.html#sigFreeIdbc79e10307