Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

№3 қалалық емхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету тренингінен өтті. "Бізде адамбыз" қоғамдық қоры ұйымдастырған тренингте емхана қызметкерлері арбаға танылған адамды қалай қауіпсіз қозғауға болатынын үйренді. «Бізде адамбыз» ҚҚ нұсқаушы-реабитолог мамандары осыған дейін «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен «Мүгедек жандарды тиімді оңалту» жобасы аясында білім алып келген. Олар емхана қызметкерлеріне мүгедектер арбасының түрлерін көрсетіп, оларды пайдалану нұсқаулығымен таныстырды. Сонымен қатар, арбадағы адамдарға  мүгедектігіне қарай қызмет жасау әдістерін үйретті. Бұдан бөлек, шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандармен қарым-қатынас этикасы да айтылды.