Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

Әлия Молдағұлова атындағы № 22 орта мектепте 8-9-10-11  сынып оқушылары арасында "ЖРВИ және тұмаудың алдын алу" тақырыбында кездесу өткізілді. Іс-шара барысында № 3 қалалық емхананың" Үміт " жастар денсаулығы орталығының маманы Гүлайым Телеубаева мен дәрігер-терапевт Айгүл Қалимова иммунитетті нығайтуға, вирустармен жұқтыру мүмкіндігін төмендетуге бағытталған шаралар кешені туралы дәріс оқып, жастардың сұрақтарына жауап берді. Мамандардың айтуынша, суық мезгілдің басталуымен жедел респираторлық инфекциялармен ауыратындар саны күрт артады. Егер сіз суық ауа райының келуіне алдын-ала дайындала бастасаңыз, тұмаумен ауыру қаупін азайтуға болады. Алдын алу шараларына салауатты өмір салтының барлық негізгі принциптерін жатқызуға болады: дұрыс тамақтану, күн тәртібі, физикалық белсенділік және т.б.