Пациентті қолдау орталығының байланыс нөмір: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

 

Служба поддержки пациентов: 87760701414

Колл центр: 87750301604, 87750301603

№ 3 Атырау қалалық емханасының салауатты өмір салты орталығы Ұлттық алкогольді тұтынудан бас тарту күніне арналған Ашық есік күнін ұйымдастырды. Медициналық мекеменің пациенттеріне алкогольдің зияны туралы нарколог-дәрігер Самғат Қайыпов және салауатты өмір салты орталығының маманы Гүлхан Аққазиева айтып берді. Спикерлердің сөзінше, арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Ащы суға жақын адамның отбасында бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді. Ішімдіксіз қоғам - тұрақтылықтың негізі.