2023 жылдың 13 қазан күні №23 А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте мектеп мейірбикесі Динара Досмагамбетованың ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Соңғы айлары Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық жағдайы тіркеліп, эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес болуына байланысты дәрігер-эпидемиолог Ғайнеденова Асылай Мейрамбекқызының қатысуымен, ата-аналарға қызылша ауруы туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Қызылшаның қаншалықты қауіпті екендігі және бұл инфекцияға қарсы күрестің ең қолжетімді және тиімді әдісі вакцинация екендігі айтылды. Жиын соңында ата-аналар өздерінің сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан толықтай жауап берілді.
https://gor-pol3.kz/zhanaly-tar/545-ata-analar-zhinalysy-tkizildi.html#sigFreeIda9f14f9598