Бiз туралы
Атырау №3 қалалық емхана Атырау қаласында Баймуханова көшесі 39 үйде орналасқан, 2001 жылдың 21 тамызында ашылды.
№3 емханаға тіркелген халық саны – 49379, с.і. балалар 16372, жасөспірімдер 1819, ересектер 31188, сол халыққа медициналық көмекті 29 жалпы практикалық дәрігерлер, 2 педиатр, 2 терапевт, 4 гинекологиялық бөлімдер және күндізгі аурухана арқылы көрсетіледі. Күндізгі аурухана 60 керуетпен, 3 ауысымда жұмыс жасайды.
Сонымен қатар мамандандырылған көмектің түрлері жоғары білікті мамандармен көрсетіледі: невропатолог, реабилитолог, хирург, травматолог, уролог, эндокринолог, оториноларинголог, офтальмолог, гастроэнтеролог, кардиолог, онколог, маммолог, стоматолог, рентгенолог, функционалист, врач УЗИ, инфекционист, фтизиатр, фтизио-педиатр, психологи, психиатр, нарколог.
№3 Атырау қалалық емханаға қарасты көшелер мен ықшам аудандар: Привокзальный 3,3а,5 ы.а.; 1-ші участок ы.а.; СМП 163 ы.а.; Огородная к-сі; Контейнер к-сі; Береке ы.а.; Мұнайшы ы.а.; Ардагер ы.а.; Ақжар селосы; Ақсай селосы, Алмалы селосы.
Атырау №3 қалалық емханаға 8 мектеп - №18, №22, №23, №24, №25, №26, №27, Алмалы орта мектебі және 8 балабақша - №7, №13, №26, №31, №54, №55, №59, Алмалы селолық округінің «Бұлбұл» балабақшасы қарасты.
Материалдық-техникалық база
Емхана 4 қабатты, стандартты емес ғимаратта орналасқан. Ол орталықтандырылған жылыту, ыстық және суық сумен, канализациямен, энергиямен қамтамасыз етілген.
Емхана екі ауысыммен жұмыс істейді, емхананың жоспарланған қуаттылығы – бір ауысымда 270 адам, емхананың нақты қуаттылығы – бір ауысымда 435 адам.
Емхананың өткізу қабілеті – бір ауысымда 1100 адам.
Емхана 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Медициналық көмекпен қамту радиусы 3-15 км.